Конференция лигасы: «Юргорден» «Челсиден» есе қайтара ала ма

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Конференция лигасы жартылай финалының қарымта кездесулері өтеді.

футбол
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жарыстың аталған сатысындағы матчтың екеуі де Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады.

Екі ойынның бірінде «Фиорентина» (Италия) мен «Бетис» (Испания) шеберлік байқасады.

Жарақатына байланысты «Фиорентина» сапынан қорғаушы Додо, жартылай қорғаушы Данило Катальди, «Бетис» қатарынан қорғаушы Диего Льоренте, жартылай қорғаушы Марк Рока, шабуылшы Чими Авила бүгінгі кездесуден тыс қалып отыр.

Алғашқы ойында испаниялық клуб 2:1 есебімен басым түскен еді.

Дәл осы уақытта «Челси» (Англия) мен «Юргорден» (Швеция) жасыл алаңға шығады. Алғашқы матчта англиялық клуб 4:1 есебімен жеңді.

Бұл ойында жарақатына байланысты қорғаушы Уэсли Фофана, Аарон Ансельмино, жартылай қорғаушы Кристофер Нкунку, Омари Келлиман, шабуылшы Датро Фофана, Марк Гиу жасыл алаңға шықпайды. Ал «Юргорден» қатарынан қақпашы Малькольм Нильссон, қорғаушы Петр Юханссон, жартылай қорғаушы

Патрик Ослунд, Альбин Экдаль, Расмус Шуллер, Нино Жугель командасына көмектесе алмайды.

Финал 28 мамырда Польшаның Вроцлав қаласындағы «Вроцлав» стадионында болады.

Соңғы жаңалықтар