Конго қиын сәттердегі Қазақстан қолдауын еш уақытта ұмытпайды — Феликс Чисекеди

АСТАНА. KAZINFORM — Конго қиын сәттердегі Қазақстан қолдауын еш уақытта ұмытпайды. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди айтты. 

Конго қиын сәттердегі Қазақстан қолдауын еш уақытта ұмытпайды — Феликс Чисекеди
Фото: Ақорда

— Африка мен Орталық Азия өркендеу, тұратқылық және инновациялар үшін мығым көпірді бірлесе құруға ниетті. Осы орайда, жоғары мәртебелі Президент мырза, Конго халқының атынан жылы қабылдағаныңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл жерден бауырластық қарым-қатынасқа куә болдық. Географиялық тұрғыда бір-бірінен шалғай орналасқанына қарамастан халқымыз ұстанатын құндылықтар ұқсас болып келеді. Бұл егемендікке, аумақтық тұтастыққа құрметпен қарау, диалог арқылы бейбітшілік жолын іздеу. Конго Демократиялық Республикасы ең күрделі сәттегі халықаралық қоғамдастық пен Қазақстан қолдауын еш уақытта ұмытпайды. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан БҰҰ аясында қолдау көрсету арқылы Конго халқымен бірге болды, — деді мәртебелі мейман.

Сондай-ақ Конго Президенті екі ел арасындағы экономикалық байланыстарға тоқтала келе ынтымақтастық үшін нақты мүмкіндіктер бар екенін айтты.

— Елдерімізде өте көп кен орны бар. Конгода кобальт пен мыс, ал Қазақстанда уран кен орындары бар. Сондықтан күш жігерімізді аталған өнімдерді жергілікті жерде өңдеуге бағыттай аламыз. Осы орайда даму мен құрметтің, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің баламасына айналған Қазақстанның ERG компаниямен табанды ынтымақтастықты ерекше атап өткім келеді, — деді Феликс Чисекеди.

Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Конго арасындағы қарым-қатынастың келешегі зор екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар