11:33, 17 Қараша 2025 | GMT +5
Конго Республикасында көпірдің опырылуынан 32 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Конго Демократиялық Республикасындағы (КДР) мыс кенішінде көпірдің опырылуы салдарынан кем дегенде 32 адам қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа.
Провинцияның ішкі істер министрі Рой Каумба Майонденің айтуынша, сенбі күні оңтүстіктегі Луалаба провинциясының Каландо кенішінде болған құлау кезінде қаза тапқан 32 адамның денесі табылды.
Министр жер қазушылар карьер аумағына «қатты жаңбыр мен көшкін қаупіне байланысты алаңға кіруге қатаң тыйым салынғанына» қарамастан кіргенін атап өтті.
Осыған дейін БҰҰ Конгода қарулы топтардың қолынан 410 баланы босатып алғанын жазған едік.