Конгода Эбола вирусын жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты

АСТАНА. KAZINFORM — Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты. Аурудан көз жұмғандар саны 5,4 мыңға жетті, деп хабарлайды Report.az.

Африкада Эбола эпидемияси оқибатида ҳалок бўлганлар сони 1000 дан ошди
Фото: ivyenews.by

Бұл жөнінде ел үкіметі жариялаған мәліметтер көрсетіп отыр.

Ресми деректер бойынша, Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырған 11 042 адам тіркелген. Аурудан көз жұмғандар саны 5 387 адамға жетті.

2026 жылғы мамырда басталған індет елдің 26 провинциясының сегізіне тараған.

Ауқымы жағынан қазіргі індет 2014–2016 жылдары Батыс Африкада тіркелген Эбола эпидемиясынан кейінгі тарихтағы ең ірі екінші індет саналады.

Бұған дейін Конгода Эболаға қарсы екі жаңа вакцина клиникалық сынақтан өткені хабарланған болатын.