Конгоның экс-президенті Жозеф Кабила сырттай өлім жазасына кесілді

АСТАНА. KAZINFORM — Конго Демократиялық Республикасының (КДР) Әскери соты экс-президент Жозеф Кабиланы сырттай өлім жазасына кесті, деп хабарлайды DW. 

Конгоның экс-президенті Джозеф Кабила сырттай өлім жазасына кесілді
Фото: DW

КДР астанасы Киншасадағы сот отырысына қатыспаған және адвокаты болмаған 54 жастағы Кабила әскери қылмыс, мемлекетке опасыздық және адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл іс оның КДР үкіметі мен тутси этникалық азшылығының мүддесін қорғайтын және көрші Руанданың әскерилері қолдайтын 23 наурыздағы (M23) көтерілісшілер тобы арасындағы қақтығыстағы рөлінен туындап отыр.

Қаңтар мен ақпан айлары аралығында M23 көтерілісшілері елдің шығысында кең ауқымды шабуылдар жүргізіп, Руандамен шекарадағы кең аумақтарды жеңілген Конго армиясынан қайтарып алды. Қазіргі КДР президенті Феликс Цисекеди Кабила бұл топты ынталандырды деп мәлімдеді.

Кабила тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Экс-президент тағылған айыптарды жоққа шығарып, Цисекеди үкіметін диктатура деп атады. 2001-2019 жылдар аралығында билікте болған Жозеф Кабиланың қайда екені әзірге белгісіз. Ол 2023 жылы елден кетіп, уақытының көп бөлігін Оңтүстік Африкада өткізген. Осы жылдың мамыр айында ол күтпеген жерден Солтүстік Киву провинциясының астанасы және M23 тірегі Гомада қайта пайда болды.

Сондай-ақ Кабила мемлекет пен Солтүстік және Оңтүстік Кивудың шығыс провинцияларына шамамен 33 миллиард доллар (28 миллиард еуро) өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске сала кетейік, Конго Демократиялық Республикасында қайық апатынан 86 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар