Конгресс депутаттары Трамптың Канадаға салған тарифтерін алып тастады

АСТАНА. KAZINFORM – Республикалық партиядан алты заң шығарушы Өкілдер палатасындағы демократтарға қосылып, президент Дональд Трамптың канадалық тауарларға салған тарифтерін алып тастау үшін дауыс берді, деп хабарлайды NBC News.

Конгрессмены отменили тарифы Трампа в отношении Канады
Фото: nationalgeographic.org

Заң жобасы 219-ға қарсы 211 дауыспен қабылданды. Тек бір ғана демократ, Өкілдер палатасының Мэн штатынан өкілі Джаред Голден қарсы дауыс берді.

Заң жобасы енді Сенаттың қарауына жіберіледі. Сәрсенбіде Трамп тариф саясатына қарсы шыққан барлық республикашыларға саяси жаза қолданылатынын айтып қорқытты. 

- Өкілдер палатасында немесе Сенатта тарифтерге қарсы дауыс берген кез келген республикашыл сайлауда, соның ішінде праймеризде қатты зардап шегеді, - деп мәлімдеді Дональд Трамп TruthSocial әлеуметтік желісінде.

Өкілдер палатасында қарарға дауыс берген республикашылар қатарында Кентуккиден Томас Мэсси, Калифорниядан Кевин Кайли, Небраскадан Дон Бэкон, Вашингтоннан Дэн Ньюхаус, Колорадодан Джефф Херд және Пенсильваниядан Брайан Фицпатрик болды.

Бұған дейін Трамп Оттаваға америкалық ұшақтарды сертификаттаудан бас тартқаны үшін жауап ретінде барлық канадалық ұшаққа 50% баж салумен қорқытқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар