Конгресс-Холлда «Астананың үздік тауары - 2012» көрме-байқауы өтеді

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Байқау үш аталым бойынша өткізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Халық тұтынатын үздік тауарлар». Қатысушыларға сарапшылар комиссиясы баға беретін болады, оның құрамына мемлекеттік орган қызметкерлері, қоғамдық және басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді.
Жеңіске жеткендер өңірлік байқаулардың жеңімпаздарымен бірге «Қазақстанның үздік тауары -2012» республикалық көрме-байқауына қатысатын болады. Сондай-ақ жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына өтінім бере алады. Жүлделі орындарға ие болған мекемелер ауданның үздік кәсіпорындары ретінде атап өтіледі.
Іс-шараға қатысу үшін өтініштер y.kabdinov@upp.astana.kz электронды мекенжайына немесе 55-69-22 телефоны бойынша қабылданады.