Конькимен жүгіру: Қазақстан 24 жылдан кейін 5000 метрге спортшы қосты
АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Милан қаласында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.
Бұл қашықтықта Қазақстан атынан 24 жылдан кейін алғаш рет Надежда Морозова бақ сынады
Бұған дейін қысқы Олимпиадада әйелдер арасында 5000 метрге тек Людмила Прокашева 1994, 1998 және 2002 жылдары қатысқан. Ол 1998 жылы дәл осы қашықтықта қола жүлде жеңіп алған.
Милан Олимпиадасындағы нәтижелер:
-
Франческа Лоллобриджида (Италия) – 6:46.17
-
Мерел Конейн (Нидерланд) – 6:46.27
-
Райне Виклунд (Норвегия) – 6:46.34
-
Надежда Морозова (Қазақстан) – 7:04.81
Айта кетейік, 14 ақпанда әйелдер командалық сайысы өтеді. Сондай-ақ Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта жүлдеге таласады.
Бұған дейін фристайл-могулдан Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолын аяқтады.