Конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар 11 медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар 11 медаль алды
Фото: ҰОК

Бұл ірі бәсекеде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте 11 медаль жеңіп алды.

Кристина Шумекова үш қашықтықта: 1 000, 1 500 және 3 000 метрде қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, үш дүркін жеңімпаз атанды.

Нео-сеньорлар санатында Алина Дауранова 500 метрлік жарыста Қазақстан қоржынына алтын медальді салды.

Сол санатта 1 000 метрлік қашықтықта Дарья Важенина мен Дмитрий Осипенко күміс жүлдеге ие болса, Алина Дауранова мен Андрей Семёнов қола жүлдені қанағат тұтты.

Инесса Шумекова 500 метрде екінші орынға көтерілді. Ал Дмитрий Осипенко 1 500 метрде үздік үштікті түйіндеді. 

Масс-стартта Абылайхан Қайырғазы мәреге екінші болып жетті. 

Бұған дейін Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар