Конкурдан ел кубогын Әнуар Досмаилов еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — «Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінде конкурдан Қазақстан Республикасы Кубогі аяқталды. Екі күнге созылған республикалық жарысқа еліміздің өңірлерінен үздік шабандоздар қатысып, биіктігі 100-ден 130 сантиметрге дейінгі кедергілері бар алты маршрутта өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың басты жүлдесін Әнуар Досмаилов иеленді. Спортшы 130 сантиметр биіктіктегі шешуші маршрутта Google MeTH және А’Корветте атты екі атымен де сәтті өнер көрсетіп, сәйкесінше І және ІІ орындарды жеңіп алды.
Кубок бағдарламасына барлығы алты маршрут енгізілді. Бірінші жарыс күнінде спортшылар 100, 110 және 120 сантиметр биіктіктегі маршруттарда бақ сынаса, екінші күні 110, 120 және 130 сантиметрлік маршруттар бойынша жарысты.
Бірінші жарыс күнінің нәтижелері:
№ 1 маршрут — 100 см
- І орын — Амира Кабжанова және Шах («Көкпар Астана» клубы)
- ІІ орын — Арман Қажакат және Шелби (жеке қатысушы)
- ІІІ орын — Карина Най және Фирмач («Көкпар Астана» клубы)
№ 2 маршрут — 110 см
- І орын — Ержан Қорабай және Бүркіт (Prestige Horse Club)
- ІІ орын — Әнуар Досмаилов және Google MeTH (NAIMIR)
- ІІІ орын — Азамат Хасенов және Lady in Red AST («Көкпар Астана» клубы)
№ 3 маршрут — 120 см
- І орын — Яна Жемчужина және Бавария (NAIMIR)
- ІІ орын — Әнуар Досмаилов және А’Корветте (NAIMIR)
- ІІІ орын — Әнуар Досмаилов және Google MeTH (NAIMIR)
Екінші жарыс күнінің нәтижелері
№ 1 маршрут — 110 см
- І орын — Арман Қажакат және Шелби (жеке ат иесі)
- ІІ орын — Карина Най және Фирмач («Көкпар Астана» клубы)
- ІІІ орын — Абзал Нарымбай және Гордый («Көкпар Астана» клубы)
№ 2 маршрут — 120 см
- І орын — Алина Бигалиева және Hi Diarado (Prestige Horse Club)
- ІІ орын — Әнуар Досмаилов және А’Корветте (NAIMIR)
- ІІІ орын — Карина Най және Фирмач («Көкпар Астана» клубы)
№ 3 маршрут — 130 см
- І орын — Әнуар Досмаилов және Google MeTH (NAIMIR)
- ІІ орын — Әнуар Досмаилов және А’Корветте (NAIMIR)
Қазақстан Кубогі-2026 жоғары деңгейдегі бәсекемен, тартысты жарыспен және спортшылардың шебер өнер көрсетуімен қорытындыланды. Жарыс барысында шабандоздар мен жылқылар арасындағы үйлесім, сенім және кәсіби дайындық шешуші рөл атқарды.
Конкурдан Қазақстан Республикасы Кубогін өткізу елдегі ат спортын одан әрі дамытуға, ұлттық құрама мүшелерінің шеберлігін арттыруға, перспективалы спортшылар мен жылқыларды анықтауға, сондай-ақ төрешілердің кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған.
Еске салайық, бұған дейін ат спортынан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы Аичи және Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшыларды атаған еді.