12:37, 01 Қаңтар 2015 | GMT +5
Константин Хабенский Алматыда өнер көрсетедi
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қаңтар күнi Алматыдағы Сац атындағы жас көрермендер театрында Патрика Зюскиндтiң «Контрабас» моноспектаклi өтпек. Онда басты рөлдi ресейлiк актер Константин Хабенский сомдайды, деп хабарлайды zakazbiletov.kz порталы.
Аталған қойылымның режиссерi - Глеб Черепанов. Оның сөзiне қарағанда, спектакль адам бойындағы таланттың өлуiн және рухтың әлсiреуiн суреттейдi. «Ең қасiреттi iс - өзiңдi алдау, ұнамайтын жұмыспен айналысу, жақын емес адамдармен сөйлесу, өз өмiрiңмен өмiр сүрмеу. Асылында, оның соңы қайғылы болады», - деп атап өттi режиссер.
Әрине, спектакль музыкаға арналған, Константин Хабенскийдiң кейiпкерi онсыз өмiр сүре алмайды. «Бiрақ соған қарамастан, қойылымда музыка болмайды, оның орнына көптеген түрлi дыбыстар болады», - дейдi ол.
Константин Хабенский - Ресейдiң ең танымал театр және кино актерлерiнiң бiрi, РФ халық әртiсi.