Жаңа Ата заңда қазақ тілінің мәртебесі күшейтілді – Бақыт Нұрмұханов
АСТАНА. KAZINFORM – Констиция жобасынының 9-бабында «тең» сөзі «қатар» деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
- 9-бап нақтыланып, «тең» сөзі «қатар» деп ауыстырылды. 50 және 51-баптарда «өтініш» деген сөздер «мәлімдеме» деп алынды. Қазақ тіліндегі сөйлем құрау ерекшеліктерін ескере отырып, орыс тіліндегі «является» деген сөз сызықшамен ауыстырылды. Осылайша, қазақ тілінде «болып табылады» деген сөздер алынып тасталды. Мұндай өзгеріс бірнеше бапты қамтып отыр. Бұл бағыттағы шаруамыз әрі қарай жалғаса беретін болады.
Айта кетейік, Конституция жобасының 9-бабының 2-тармағында «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр.