Конституция аясында еңбек етуді мемлекеттік институттар толық жүзеге асыруға қабілетті болғанда мемлекеттің беделі арта түседі - Сенат депутаты

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Конституция аясында еңбек ете білуді мемлекеттік институттар толыққанды жүзеге асыруға қабілетті болғанда мемлекеттің де беделі арта түспек. Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов білдірді.
None
None

Құқық қорғау органдары әр адамның құқығын сақтауға, қорғауға, қызмет етуге міндетті екендігіне баса назар аударған ол «көп жағдайда олар, яғни лауазымды, мемлекеттік қызметкерлер өздерінің билігін, ықпалын арттыруға тырысады. Төменнен жоғарыға дейін адамды өзіне тәуелді еткісі келеді. Осы сананы жойғанда ғана біз қоғамда заң беделін көтереміз. Осындай мешел көзқарас, мінезден арылатын кез келді. Конституция бізді өмірдің сәулелі, озық жағына, даму, өркендеу жағына жетелейді», деп ерекше атап өтті.

Сенатордың пікірінше, құқықтық мемлекет, қоғам құру үшін заң тыңдайтын, заң сыйлайтын, заңды сақтайтын мемлекеттік институттар, қызметкерлер, азаматтар қоғамын қалыптасыруымыз қажет. Себебі бұл дүниежүзілік қоғамдастықтың ең басты құндылықтары болып саналады.

«Қазіргі кезде әлемнің Қазақстанды мойындап, Қазақстан пікіріне құлақ асуы, ең алдымен біздің Конституциямыздың жобасын дайындауға тікелей басшылық етіп, оның орындалуына айрықша еңбек сіңіріп келе жатқан Президентіміздің қайраткерлік еңбегі мен дарынды қабілеті, тапқырлығы арқылы келген халықаралық беделі. Алдағы кезеңде осындай жауапкершілікті, Конституция аясында еңбек ете білуді мемлекеттік институттар толық қанды жүзеге асыруға қабілетті болғанда мемлекеттің де беделі арта түспек», деп қорытты ойын Қ.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар