Конституция егемендіктің кепілі ретінде біздің бірігуімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің өзегіне, жасампаздықтың бейнесіне айналды - Ерік Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституция егемендіктің кепілі ретінде біздің бірігуімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің өзегіне, жасампаздықтың бейнесіне және қомақты істер мен қазіргі жетістіктердің бастауының қайнар көзіне айналды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ерік Сұлтанов өңір жұртшылығына Конституция күніне орай құттықауында білдірді.
None
None

«1995 жылы Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасап, мемлекеттің одан әрі дамуының жолын айқындады. Бұл бүкіл қазақстандықтар үшін айрықша оқиғаға, жаңа қоғам тұрғызылып жатқан берік іргетасқа айналды.

Конституция егемендіктің кепілі ретінде біздің бірігуімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің өзегіне, жасампаздықтың бейнесіне және қомақты істер мен қазіргі жетістіктердің бастауының қайнар көзіне айналды», - делінген құттықтауда.

Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саясатының нәтижесінде біз берік мемлекеттілікті орнаттық және өзіміздің тәуелсіздігімізді нығайттық.

Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі күшті көшбасшылардың және сенімді серіктестіктердің біріне айнала отырып, әлемдік қоғамдастықта лайықты орынға ие болды. Жоғары әлемдік деңгейдегі саммиттер мен кездесулер біздің жерде өткізілді.

Біздің ұлтаралық бірлік пен келісім тәжірибесі көптеген елдерге өнеге. Қазақстан жерінде 140 астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешуде.

Еліміздің Негізгі Заңының бастамашысы мен идеялық дем берушісіне айналған Мемлекет басшысы Конституцияда баянды еткен мемлекеттің қызметінің ортақ құндылықтары мен басты қағидаттары, сөз жоқ мұның маңызды шарты болып табылады. Бұлар: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, халық иглігін көздейтін экономикалық даму және қазақстандық отаншылдық.

Және де бүгінгі таңда бабаларымыздың сан ғасырлық үміттерін, олардың тәуелсіздік пен бостандыққа ұмтылыстарын жүзеге асыра отырып, Негізгі Заңның арқасында осызаманғы мемлекетті орнатуға қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламыз.

Біз Негізгі Заңның қағидаларына сүйене отырып, қоғамымызда татулық пен тыныштықты нығайтуға, адамдардың шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызуға, әрбір адамның әл-ауқатын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда біздің алдымызға ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды орындау жөнінде аса маңызды міндеттер қойып отыр. Олар, ең алдымен индустриялық-инновациялық дамуға және жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға қатысты.

«Солтүстік Қазақстан облысының даму қарқыны осыған айғақ. Біздің облысымыз - ірі индустриялық жобалар жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, өрге басып келе жатқан өңір.

Біздің әлеуетіміз зор және ең батыл бастамаларды жүзеге асыруға қабілеттіміз. Баршамыз бірлесіп, туған өңірді дамытуға және өркендетуге қатысты жаңа жетістіктерге қол жеткізетініміз кәміл», - делінген өңір басшысының құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар