21:05, 28 Тамыз 2009 | GMT +5
Конституция күні қарсаңында Өскеменде тағы бір халыққа қызмет көрсету орталығы мен балалар-жасөспірімдер клубы ашылды
ЕМЕН. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Конституция күні және Қала күні қарсаңында Өскеменнің «Жаңа Согра» шағынауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды және «Арман» балалар-жасөспірімдер клубы «Жол картасы» аясында жөнделді.
Алаңы 60 шаршы метр болатын жаңа ХҚО-да бес терезе: 4 терезе - құжаттарды қабылдау және 1-еуі - құжаттарды беру үшін жұмыс істейді. Бұл жерде мемлекеттік қызметтің толық тізбесі жүзеге асырылады.
Өскеменнің әкімі Ислам Әбішев ХҚО-ны ашу кезінде биліктің міндеті - халықтың талабына көңіл бөлу екенін атап өтті.
Әкім сондай-ақ «Арман» балалар-жасөспірімдер клубында болды. Мұнда спорт және үйірме сабақтарына 300 бала қатысады.