Конституция күні қарсаңында ШҚО-да көп бейінді медициналық кешен ашылды (ФОТО)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тұрғындары үшін ҚР Конституциясы күні қарсаңында жаңа орталық аурухана ашылды, деп хабарлады өңір әкімінің ақпарат орталығынан.
None
None

Аурухана ғимараты заманауи техникалық жабдықпен жарақталған көп бейінді кешен. Ол жүз кереуетке және ауысымдағы 300 келушілерге (емхана) есептеліп салынған. Медициналық мекемені салуға ҚР Үкіметі қорынан 1, 8 млрд. теңге бөлінді, 2 жылда салынып бітті.

Бүгін ашылу рәсімінде өңір әкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, бұл кент тұрғындарына ғана емес, барлық аудан үшін қуанышқты оқиға болды. 30 жылдан бері бұл жерде ештеңе салынбады, ал екі жылдың ішінде уақыт талабына жауап беретін аурухана бой көтерді. Бұдан басқа, биыл жаңа мектеп құрылысы басталды. Осының барлығы еліміздің тәуелсіздігінің арқасы», - деді Б. Сапарбаев.

ОАА бас дәрігері Қайрат Беделмановтың айтуынша, ауруханада 6 бөлімше: терапевтік, балалар, гинекологиялық, перзенхана, сондай-ақ хирургия, травмотология, жансақтау, жедел медициналық көмек бөлімшелері және клиникалық-диагностика, бактериологиялық зертхана бар.

«Аурухана соңғы заманауи техникалармен жабдықталған. Олардың бірі эндобейнехирургиялық баған, ол тіпті кейбір қалалық ауруханаларда жоқ. Осы қондырғының арқасында дәрігерлер терең кеспей, тыртық қалдырмай ота жасайды», - деді Қ. Беделманов.

Мереке соңында ауруханаға сыйлық ретінде жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табыс етілді.

Глубокое ауданында медициналық кадрлар жаңаруда. 2013 жылы 17 дәрігер келді, олардың 10-ы жаңа орталық аудандық ауруханада жұмыс істейді.

«Біз зайыбымыз екеуміз «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келдік. Өзім Талдықорған қаласынан боламын. Зайыбым - ШҚО Үржар ауданынан. Мамандығы - көз дәрігері. Семей мемлекеттік медициналық университетін аяқтаған соң, бізге осы жерде жаңа аурухана салынғанын айтты», - деді 25 жастағы жас маман, анестезиолог-реаниматолог Арман Қазмағамбетов.

ШҚО-ға келіп, жаңа жұмысқа орналасып, жаңа үйден үш бөлмелі пәтер алдық.

«Бұдан басқа, бізге мембағдарлама бойынша қаражат берді», - деді аурухана жас маманы.

Медициналық мекемеде барлығы 190 қызметкер бар, жаңа қызметкерлер көп бейінді аурухана кешенін енгізуге байланысты қабылданды.

2013-2014 жылдарда Глубоковский ауданында 5 дәрігерлік амбулатория салынды. 2 жылда ауданның медициналық мекемесі реанимобильмен, 6 бірлік санитарлық көлікпен толықты.

«Бүгінде ауданда медициналық көмекті орталық аудандық және бір ауылдық аурухана, 14 СДА, 8 фельдшерлік-акушерлік және 10 медициналық пункт көсретеді, сонымен бірге 5 жекеменшік тіс емдеу кбинеттері бар», - деп хабарлады облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.

Конституция күнінде Глубокое ауданында 3 медициналық мекеме - Опытное поле, Ушаново және Алтайский кенттерінде дәрілгерлік абулатория ашылу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар