09:51, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
Конституция күнінде «Несібе» орталығы ашылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жалағаш ауданында 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конститутция күні мерекесіне орай, Жалағаш аудандық Кәсіпкерлер Палатасы және Даму кәсіпкерлікті қолдау орталығы, Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен,

жеке кәсіпкер Қауымбаев Аманжол өз қаражаты есебінен жоба құны 12 млн теңгені құрайтын 1 желімдеу, 1 авто бөлшектер, 2 көлік жуу, 2 техникалық қызмет көрсету боксынан тұратын "Несібе" техникалық жөндеу орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Ашылу салтанатына жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен аудан кәсіпкерлері қатысты. Аталған орталықта 8 жаңа жұмыс орны құрылды. Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы және Даму кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы техникалық жөндеу орталығын кеңейтуге, "Бизнестің жол картасы" 2020 мемлекеттік бағдарламасы бойынша, орталыққа қажетті құрал жабдықтар алуға 6 млн. теңгеге бизнес жоспар дайындап бүгінде екінші деңгейлі банктің оң шешімі күтілуде.