15:37, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Конституция күніне байланысты 404 қызметкер марапатталды - ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде Конституция күніне байланысты министрлік басшылығының, ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлердің қатысуымен салтанатты жиын болды, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.

Мереке күнінде ІІМ, Төтенше жағдайлар бойынша комитеттің Мәдени орталығы мен ҚР Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі бірлесе отырып, мерекелік концерт ұйымдастырды.
ҚР Конституция күні мерекесін атап өту қарсаңында министрдің бұйрығымен ішкі істер органдарының аумақтық құрылымдары мен оқу орындарының 404 қызметкері марапатталды.