Конституциялық кеңес ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Конституцияға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Парламент қабылдаған заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін өндіріске алды

АНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Конституциялық кеңесі ҚР Президентінің ҚР Парламенті қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін өндіріске алды.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін референдумда ұзарту мүмкіндігін көздейтін бұл заң Парламент палаталарының бірлескен отырысында 14 қаңтарда қабылданған болатын. Сол күні Мемлекет басшысы заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішті Конституциялық кеңеске жолдаған. Заңның өзектілігін және қоғамдық саяси тұрғыдан маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық кеңес аталған өтінішті бүгін, 17 қаңтарда өзінің отырысында қарап, іс жүргізуге қабылдады.

Конституцияға сәйкес, Конституциялық іс жүргізудің басталуы Парламент қабылдаған заңға қол қою үшін Мемлекет басшысына бөлінген 1 айлық мерзімді тоқтата тұрады. Сондай-ақ Конституциялық кеңес республика Президентінің өтінішін қарап шығып, оның мән-жайы бойынша 1 ай мерзім ішінде қорытынды шешім шығаруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар