Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Роговтың Француз Республикасының делегациясымен кездесуі болып өтті

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 23 қарашада Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Роговтың «Қазақстан-Еуропа: ынтымақтастықтың нәтижелері және жаңа көкжиектері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып жүрген Француз Республикасының делегациясымен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды ҚР Конституциялық кеңесінің баспасөз қызметі.
None
None

Делегация құрамында: Францияның бұрынғы сыртқы істер министрі, Конституциялық Кеңесінің бұрынғы төрағасы Ролан Дюма; Еуропа Одағы Еуропа Сотының құрметті мүшесі, Франция кассациялық сотының жоғарғы магистранты Рожер Грасс; Еуропа қозғалысының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Еуропа заңгерлері одағының ғылыми директоры Жан Пьер Шпицер, Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қоғамдастығының кеңейтілген серіктестігі және ынтымақтастығы жөніндегі жаңа Келісім бойынша Қазақстан Республикасының консультанты, Еуропа заңгерлері одағының төрағасы Джоел Леммер және т.б.

Кездесу барысында Тараптар Француз Республикасы мен Қазақстанның конституциялық заңдылықты, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының жай-күйі және бұдан кейінгі келешегі туралы пікір алмасты.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Рогов қонақтарды Республиканың конституциялық дамуының жиырма жылдық қорытындыларымен және Қазақстанның мемлекеттік құқықтық саясатының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар