14:14, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
Конституциялық Кеңестің төрағасы Мемлекет басшысына ағымдағы қызметі туралы баяндады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциялық Кеңесінде болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік мереке - Конституция күніне арналған бұл жиында Президент Конституциялық Кеңес мүшелерін құттықтап, еліміздің барлық жетістіктері мемлекетіміз бен қоғам дамуының стратегиялық бағыттарын айқындаған Ата заңның рухында жүзеге асқанын атап өтті.
Кездесу барысында Негізгі заңның әлеуетін тиімді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасылып, Конституциялық Кеңес мүшелері елімізде конституциялық заңдылық тәртібін нығайту турасындағы идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов жұмыс барысы туралы баяндады және Мемлекет басшысына Конституциялық Кеңеске мамандандырылған мемлекеттік конституциялық бақылау органы ретінде ұдайы көңіл бөліп отырғаны үшін алғысын айтты.