Конституциялық заңдылықты бұлжытпай орындау еліміздің негізгі бағыт-бағдары болып қала береді - Жоғарғы Сот

«Қазақстан дербестік алған күннен бастап заңдылыққа арқа сүйеп, құқықтық мемлекет құру жолын таңдады. Еліміз біріншіден адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойды. Демократиялық мемлекет үшін құқықтық жүйені бекемдеу маңызы зор бірбен бір тетік. Сондықтан конституциялық заңдылықты бұлжытпай орындау еліміздің негізгі бағыт-бағдары болып қала бермек»,-деді Жоғарғы Соттың төрағасы Бектас Бекназаров конференцияда сөйлеген сөзінде.
Аталған алқалы жиынға еліміздің заңгерлерімен қатар шетелдік те мамандар қатысуда. Олардың арасында М.В. Ломоносов атындағы ММУ конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасының меңгерушісі, Сурен Авакьян (Ресей), Еуропалық одақтың Венециандық комиссиясының мүшесі Эндзинс Айварс, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Бас комиссары басқармасының Орталық Азия өңірлік бөлімшесінің өңірлік өкілі Армен Арутюнян қатысуда. Екі күнге жалғасатын конференцияда «Конституциялық заңдылық: оны қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері», «Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде одан ары орнықтырудың конституциялық бастамалары», «Тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі саласындағы конституциялық заңдылықты дәйектілікпен нығайту» тақырыптары бойынша сессиялардың отырысы өтеді.