Конституцияның 15 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру Қазақстанның өзін қорғауға қабілетті тәуелсіз ел екендігін көрсетті - Мәжіліс депутаты

СТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Конституцияның 15 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру Қазақстанның өзін қорғауға қабілетті тәуелсіз ел екендігін көрсетті. Бұл туралы бүгін ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы әскери шеруден кейін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Валерий Вишниченко айтты.
None
None

«Менің ойымша, бүгінгі тамаша мереке бүкіл қазақстандықтарға 1995 жылы бүкілхалықтық референдум негізінде қабылданған Конституцияның қолданыста екендігін көрсетті», деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар халық қалаулысы бүгінгі өткен ауқымды әскери шеру еліміздің шынымен де тәуелсіз, етек-жеңін жинаған мемлекет екендігін көрсеткендігін баса айта келіп, «ең бастысы біздің еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде және біздің бейбітшілігіміз сенімді қорғалған», деп қорытты ойын В.Вишниченко.

Соңғы жаңалықтар