Конституция есімді қанша қазақстандық бар

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда Конституция есімі берілген 1 адам тұрады, сондай-ақ Атазаң мен Заң есімді бір-бір адамнан бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Конституция есімді қанша қазақстандық бар
Коллаж: Kazinform / Nano Banana Pro

Дауыс есімін иеленген 2 адам тұрады.

Ең көп таралғандардың ішінде сайлауға байланысты аттар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылса, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандар. Бұл есімді иеленген азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам. 

Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімі 1 197 адамға қойылған. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстанда Тәуелсіздік есімді жалғыз жасөспірім бар екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум