Конституция күніне орай 27 мың атыраулыққа әлеуметтік көмек беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Былтыр мұндай төлем 25 мың адамға берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

БҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек беріліп, мал шығына өтеліп жатыр
Фото: Kazinform

Облыста ҚР Конституциясы күніне орай барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтарға елу мың теңгелік біржолғы әлеуметтік көмек төлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

— Аймақта алты мерекеге орай жекелеген санатқа жататын тұрғындарға түрлі көлемде біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі. Атап айтқанда, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр — Жеңіс күні, 30 тамыз — Конституция күні, 25 қазан — Республика күні және 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай облыс тұрғындарына әлеуметтік төлемдер жыл сайын беріледі, — деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Жаңылсын Сейдалиева.

Бұдан бұрын елордадағы Тұңғыш Президент музейінде Конституция күні қарсаңында ерекше көрме ашылғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар