Конституцияда Бас прокурордың бес жылдық өкілеттік мерзімі алынып тасталады

АСТАНА. KAZINFORM -  Бас прокурордың қорғалуы мәртебесіне қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлім етті.

Инвестициялық омбудсмен енді Бас прокурор: инвесторларды қорғауда жаңа тетік іске қосылды
Фото: Бас прокуратура

- Конституцияның 83-бабынан Бас прокурордың бес жылдық өкілеттік мерзімі алынып тасталады. Сонымен қатар, аталған тармаққа Бас прокурордың қорғалуы мәртебесіне қатысты өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, Бас прокурор өз өкілеттігі мерзімі ішінде, қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, Президенттің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жаза қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды, - деді Ерлан Сәрсембаев.

Оның айтуынша, осыған ұқсас түзетулер Конституцияның 71-бабында да және басқа да баптарда тиісінше Конституциялық Соттың төрағасы мен судьяларына, барлық тұрақты судьяларға, сондай-ақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты көзделеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы басталды. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты түскен ұсыныстарды талқылауға арналды. 

ҚР Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Әзімова комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түскенін, олардың барлығы біртұтас жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум