Конституциядағы «қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары» БҰҰ пактісімен сәйкестендіріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ата заңның жаңартылған нұсқасында БҰҰ пактісімен сәйкестендірілген норма бар екенін айтты. 

Ерлан Қарин
Фото: Конституциялық сот

 — Тағы бір мәселе. Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесі деген ұғым төңірегінде әртүрлі пікірлер, талқылаулар болатын. Комиссия мүшелері — Қарлығаш Жаманқұлова («Әділ сөз» халықаралық қорының президенті — ред.) Әділ Балтабаев (журналист) және тағы басқалар тарапынан осы жөнінде мәселе көтерілген болатын, — деп бастады Ерлан Қарин.

Оның сөзіне қарағанда талықлау нәтижесінде бұл ұсыныстар қабылдаған.

— Бұл ұғым Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық пактісімен сәйкес өзгертілді. Сондықтан жаңа мәтінде комиссия мүшелерінің жаңа ұсыныстары толық қамтылды деп айта аламыз, — деді Мемлекеттік кеңесші.

Айта кетеу керек, жаңа Конституцияның соңғы нұсқасында 95 бап болады

Соңғы жаңалықтар
Референдум