Конституциялық комиссия құрамында журналистер не істеп жүр — Ерлан Қариннің жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссия құрамында журналистер мен тіл мамандары не істеп жүргенін айтты. 

Конституциялық комиссия отырысы
Фото: Конституциялық сот

— Бірнеше ай бойы жүргізілген үздіксіз жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік тілдегі Конституция мәтінінің оқылымы едәуір жеңілдеді. Бұл мемлекеттік тілде құқықтық терминология толық қалыптасқанын білдіреді. Осы орайда, Конституциялық комиссия құрылған кезде «Оның құрамында тіл мамандары мен журналистер не істеп жүр?» деген сын да айтылды. Бұл ретте, тіл мамандары мен журналистер Ата Заң мәтінінің сапалы әрі түсінікті жазылуына зор үлес қосып жатыр. Демек, кейбіреулерді мазалаған сұрақтың жауабы да өздігінен белгілі болды ғой деп ойлаймын, — деді Мемлекеттік кеңесші.

Айта кетейік, жаңа Конституцияның жобасын түрлі мекемелер, ұжымдар талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар
Референдум