Контейнерлік пойыздардың жүру жылдамдығы тәулігіне 1100 шақырымға дейін артты - Қасымбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда контейнерлік пойыздардың жүру жылдамдығы тәулігіне 1100 шақырымға дейін артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Көлік инфрақұрылымының дамуы екі халықаралық индекспен бағаланады. Біріншіден, 4 көрсеткіш бойынша көлік инфрақұрылымының сапасы бағаланатын Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі (ДЭФ БЖИ). Бұл - «Әуе көлігінің инфрақұрылымының сапасы», «Автомобиль жолдарының сапасы», «Теміржол инфрақұрылымының сапасы», «Теміржол инфрақұрылымының сапасы» және «Порттық инфрақұрылымының сапасы». Жалпы соңғы 5 жылда «Инфрақұрылым сапасының» көрсеткіші 19 сатыға көтерілді», -  деді ол.

Екіншіден, министрдің айтуынша, Дүниежүзілік банкімен 6 индикатор негізінде бағаланатын логистиканың тиімділік индексі құрылады. Индикатор елдегі логистикалық климаттың өзгеруін бақылауға мүмкіндік жасайды. Қолданылған шаралар соңғы екі жылда Қазақстанның позициясын 11 сатыға көтеруге мүмкіндік берді.

«Көлік инфрақұрылымының дамуы мемлекет экономикасының ішкі қажеттілігінен туындаған көлік дәліздерін әртараптандыруды қажет етеді. Жалпы, физикалық тосқауылдарды жою үшін соңғы бес жылда 5 мың шақырым автожол қайта жөнделді, темір жол желілерінің ұзақтығы 1 703 шақырымға ұлғайды, модернизациялауды талап ететін 8 әуежайдың 4-уі қайта жөнделді, Ақтау теңіз портының өткізу қабілеті 20 млн. тоннаға дейін ұлғайды», - деді Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда құрлықішілік мемлекет бола тұра, Қазақстанға жаңа халықаралық дәліздерді салу және жүк тасымалы үшін барынша қолайлы шарттарды құру арқылы транзиттік әлеуетті жүзеге асыру қажет.

«Бұл үшін шығыстан батысқа қарай 1000 шақырым арақашықтық қысқарды. Контейнерлік пойыздардың жүру жылдамдығы тәулігіне 1100 шақырымға дейін артты. Парсы шығанағы елдеріне шығуға мүмкіндік жасалды. Алдағы 5 жылдық кезеңде көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы арқылы іске асырылады. Жалпы, бағдарламада негізгінен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды және қайта жаңғыртуды қамтитын 16 жоба қарастырылған. Бағдарлама аясында 75 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Автожолдардың құрылысы барысында жергілікті қамтудың деңгейі 95 пайызды құрайды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар