Континенталды кубокта «Торпедо» бас жүлдеге таласады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) командасы шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарында Ұлыбританияның «Ноттингем Пантерс» командасымен алтын жүлдеге таласады.

«Торпедо»
Фото: «Торпедо» ХК

Дүбірлі дода 14 қаңтар күні жалауын көтерді. Ойындар алдымен екі топта айналмалы жүйе бойынша жүргізіледі

Қазақстандық команда бұл турнирдегі алғашқы кездесуінде «Хернинг Блю Фоксынан» 6:2 есебімен басым түссе, одан кейін овертаймда Францияның «Анже Дакс» командасына овертаймда 2:3 есебімен есе жіберді.

Екі ойында төрт ұпай қоржынға салған «Торпедо» өз тобында бірінші орын алды. Енді олар алтын жүлдеге таласады.

Екінші топтан Ұлыбританияның «Ноттингем Пантерс» клубы финалға жолдама алды. 
Әрбір топтың жеңімпазы финалдық кезеңде алтынға таласады. Екінші орын алған клубтар қола жүлдені сарапқа салады. Топтық кезеңде үшінші орынды місе тұтқан ұжымдар турнирдің бесінші орны үшін мұзайдынға шығады.

Халықаралық турнир 18 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар