Контрабандалық тауарды алып өтпек болған жолсеріктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - №7 Мәскеу-Алматы жолаушылар пойызының жолсерігі Қазақстан шекарасынан 5,3 млн. теңгенің контрабандалық тауарын алып өтпек болған.
None
None
БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жолсерік «тауарын» вагонның төбе қалтарысына жасырған. Экономикалық контрабандаға барғаны үшін оның үстінен ҚР ҚК 209-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар