10:13, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
«Конус» кен орнында жарақат алған бұрғылаушы ажал құшты
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының «Конус» кен орнының № 149 ұңғымасында сәрсенбі күні 06:40-та өндірістік жұмыстар жүргізу кезінде «TechnologyAlemOйл» ЖШС-ның 31 жастағы бұрғылаушысы ауыр жарақаттанды.

ҚР ТЖМ хабарлағандай, ер адам оқиға орнында көз жұмды.