00:48, 26 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Көп балалы ана балаларын асырау үшін қолтырауынды өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 37 жастағы көп балалы ана балаларына тамақ табудың тәсілін тапқанға ұқсайды.
Америкалық Оңтүстік Каролина штатында тұратын 37 жастағы Лаура Робинсон Гриффин ұзындығы 4 метрлік қолтырауынды атып алды.
The Sacramento Bee басылымының жазуынша, ол шалшық басқан су қоймасында жыртқышты екі сағат бойы аңдыған. Сәтін салған бір сәтте қолтырауында ілгекке іліп алып жоғары көтерген.
«Біздің қайығымыздың ұзындығы бес метр. Жыртқыш көрінген кезде оның да ұзындығы осыған шамалас екнін байқадым. Оны үш рет атуымаа тура келді»,- дейді ол.
Әйелдің айтуынша, бұл ет бір жылға азық етуге жетеді. «Мен қызық үшін емес, балаларымды асырау үшін өлтірдім»,-дейді ол.