Көп жылдық жемшөп тұқымының 10-нан аса тоннасы ауылды жерге жеткізілді

АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - «Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жоғарылату және экологиялық тұтастықты сақтай отырып, жайылым қорларын тиімді басқару» атты Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) аясында Мәтібұлақта және Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданындағы Үлгілі, Шиен ауылдарына 10 240 килә көп жылдық жемшөп тұқымдарын жеткiзу жұмыстары аяқталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰДБ жобасы 166 елдiң аумағында жұмыс атқаруда.

Жоба сарапшыларының мәліметінше, аталмыш аймақтарда мысыққұйрық, жоңышқа және эспарцет өсімдіктерін өсіру пайдалы. Бұл өсімдіктердің тұқымдары барлық сұраныстарға сәйкес келген.

Агротехникалық сала бойынша қарастыратын болсақ, бұл жоба жаңа мәдени шабындық жерлері алқабын кеңейтуге себеп болады.

Соңғы жаңалықтар