Көптеген жобалар білікті мамандардың жетіспеушілігінен толық жүзеге аспауда - Зарина Жиеншарова

АЛМАТЫ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Жобаларды басқару кезінде отандық мамандарға сенім артатын уақыт келді. Жобалау  менеджерлері компаниясында   жұмыс жасайтын Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің магистранты
None
None

Зарина Жиеншарова бұл туралы Алматыда өткен 3 күндік «Орталық Азиялық жобаларды басқару. Инновциялық технолргиялар» ІІ Халықаралық форумы кезінде айтты.

«Қазақстанның  қарқынды дамуына ықпал етуде жобалық басқарудың қажеттігін Елбасы 1993 жылы айтқан болатын. Алайда оған соңғы жылдары ғана көңіл бөліне бастады. Өкінішке орай осы уақытқа дейін жүзеге асырылып келген көптеген бағдарламалар мен жобалар білікті басқару менеджерлерінің тартылмауынан өз деңгейінде нәтижелі болған жоқ», - дейді З.Жиеншарова. Оның пайымдауынша, нарықтың бұл саласы өз әлеуетін әлі толық пайдаланып отырған жоқ. Жалпы кез-келген жобаны басқаруда негізгі 3 қағидат ескерілуі керек. Олар  жобаның нақты жүзеге асыру мерзімін,  оған  қажетті қаражатты және  оның сапасын есептеу.

Зарина Жиеншарова : «Бізде өкінішке орай әлі күнге дейін бұл мәселеге жеткілікті мән берілмеуде. Сондықтан бірқатар жобаларды іске асыру  қажетті құрал-жабдықтар мен шикізат бағасының өсуінен бөлінген қаржы жетпей қалғандықтан орта жолда тұрып қалады немесе оны қайта есептеуге мәжбүр болып жатамыз. Тіпті кейбірі аяқталғаннан кейін де тиімділігі төмен болып шығып жатады. Оған мемлекет тарапынан бөлінген қыруар қаражат көп жағдайда қайтарылмайды», - дегенді айтты. Сәтті жүзеге асырылған жобаларға 2011 жылы 7-Қысқы Азия ойындарын мысалға келтірген жас маманның пайымдауынша, жобалық басқару қазір негізінен ақпараттық технология, құрылыс және мұнай-газ салаларында ғана қарқынды дамуда.

Соңғы жаңалықтар