Көпұлтты Қазақстан халқының біртұтастығын нығайтуға бағытталған Ассамблея маңызды институтқа айналды - елші Я. Ключковский

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Польшаның Елшісі Яцек Ключковскийді қабылдады, ол жоғары деңгейдегі парламенттік алмасуларды үдетудің маңызы туралы айтты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
None
None

Польша Сенатының Төрағасы (Маршалы) Б.Борусевичтің тілегі ескеріліп, оның биыл Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Польша елшісінің өтінішіне орай Сенат Төрағасы Қазақстандағы сайлау алдындағы жағдай, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 20 жылдығын мерекелеу жайын таныстырды. Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» съезінде жария еткен бес институттық реформалардың мазмұнына ерекше назар аударды. Ол сондай-ақ аймақтағы ахуал туралы өз ойларымен бөлісіп, Еуразиялық экономикалық одақ және Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметі туралы елшіні хабардар етті.

Польша елшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жоғары бағалады, оның пікірінше қызметі көпұлтты Қазақстан халқының біртұтастығын нығайтуға бағытталған Ассамблея маңызды институтқа айналды. Мемлекет басшысы басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмысы, мыңдаған поляк диаспорасының мүдделері ескерілгені көрініс тауып отырғаны атап өтілді. Я.Ключковскийдің пікірінше, Қазақстан Президенті көреген әрі сындарлы ұлттық саясатты жүргізіп келеді және бұл әлемнің түрлі аймақтарындағы күрделі оқиғалардың аясында аса маңызды болып отыр.

Соңғы жаңалықтар