Қор биржасында доллар 4 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,09 теңгеге қымбаттап, 546,36 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 542,03 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 543,40 теңгеден сатып алынады, 546,33 теңгеден сатылады. Еуро 626,31 –632,65 теңге, ал рубль 6,52 – 6,66 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 541,09 теңгеден сатып алынады, 548,09 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 622,44 теңге, сату - 634,44 теңге;
- рубль: сатып алу 6,54 теңге, сату - 6,70 теңге.
Еске салайық, 29 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге қымбаттап, 542,03 теңге болды.