Қор биржасында доллар 5 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Доллар, тенге, теңге
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,21 теңгеге арзандап, 530,15 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 535,83 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 528,17 теңгеден сатып алынады, 531,10 теңгеден сатылады. Еуро 612,26 – 618,39 теңге, ал рубль 6,52 – 6,65 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,14 теңгеден сатып алынады, 77,85 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 526,38 теңгеден сатып алынады, 532,60 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 608,15 теңге, сату - 616,27 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,50 теңге, сату - 6,65 теңге.

- юань: сатып алу - 75,88 теңге, сату - 79,65 теңге.

Еске салайық, 28 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,3 теңгеге арзандап, 535,83 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар