Қор биржасында доллар арзандап, 538 теңге болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар арзандады.

доллар ва тенге
Фото: Александр Павский / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,27 теңгеге арзандап, 538,57 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 540 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,78 теңгеден сатып алынады, 540,59 теңгеден сатылады. Еуро 628,63 – 632,80 теңге, ал рубль 6,63 – 6,74 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 535,54 теңгеден сатып алынады, 543,54 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 624,54 теңге, сату - 634,54 теңге;

- рубль: сатып алу 6,63 теңге, сату - 6,73 теңге.

Еске салайық, 18 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,93 теңгеге арзандап, 540,00 теңге болды.

 

Соңғы жаңалықтар