Қор биржасында доллар аздап арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,93 теңгеге арзандап, 540,00 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 540,87 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,54 теңгеден сатып алынады, 541,45 теңгеден сатылады. Еуро 629,29 – 633,41 теңге, ал рубль 6,63 – 6,74 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 535,64 теңгеден сатып алынады, 544,15 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 625,68 теңге, сату - 635,68 теңге;
- рубль: сатып алу 6,66 теңге, сату - 6,77 теңге.
Еске салайық, өткен апта соңында сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,77 теңгеге қымбаттап, 540,87 теңге болды.