Қор биржасында доллар бағамы 460 теңгеге түсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,88 теңгеге арзандап, 460,37 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 466,33 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 456,97 теңгеден сатып алынады, 463,97 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 524,94 теңге, сату — 535,38 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,70 теңге, сату — 6,00 теңге.
— юань: сатып алу — 67,32 теңге, сату — 73,29 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,86 теңгеден сатып алынады, 463,70 теңгеден сатылады. Еуро 530,49 — 536,13 теңге, ал рубль 5,78 — 5,91 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,39 теңгеден сатып алынады, 70,19 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 6 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге арзандап, 466,33 теңге болды.