Қор биржасында доллар бағамы 481 теңге болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.

Қор нарығында доллар арзандады
Фото: Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,05 теңгеге арзандап, 481,83 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 482,33 теңге. 

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 478,87 теңгеден сатып алынады, 485,87 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 553,00 теңге, сату – 563,00 теңге;

– рубль: сатып алу – 5,70 теңге, сату – 6,10 теңге.

– юань: сатып алу – 71,61 теңге, сату – 75,80 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 482,09 теңгеден сатып алынады, 484,11 теңгеден сатылады. Еуро 555,43 – 560,82 теңге, ал рубль 5,83 – 6,01 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,89 теңгеден сатып алынады, 73,53 теңгеден сатылады.

Еске салайық, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдың екінші жартысында төмендету мүмкіндігін қарастырады.

Соңғы жаңалықтар