Қор биржасында доллар бағамы қайта қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Қор биржасында доллар бағамы қайта қымбаттады
Фото: Pixabay.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,77 теңгеге қымбаттап, 540,87 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,03 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,35 теңгеден сатып алынады, 542,49 теңгеден сатылады. Еуро 629,19 — 634,18 теңге, ал рубль 6,67 — 6,78 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 538,61 теңгеден сатып алынады, 545,59 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 624,08 теңге, сату — 635,59 теңге;
— рубль: сатып алу 6,72 теңге, сату — 6,83 теңге.

Еске салайық, 14 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,03 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 537,96 теңге.

Соңғы жаңалықтар