Қор биржасында доллар бағамы қайтадан түсіп кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

доллар
Фото: freepik.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,54 теңгеге арзандап, 498,09 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 502,60 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 497,50 теңгеден сатып алынады, 500,26 теңгеден сатылады. Еуро 580,81 — 586,68 теңге, ал рубль 6,39 — 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,32 теңгеден сатып алынады, 75,29 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 495,00 теңгеден сатып алынады, 502,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 578,00 теңге, сату — 588,15 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,20 теңге, сату — 6,50 теңге.
— юань: сатып алу — 72,14 теңге, сату — 76,29 теңге.

Еске салайық, 2 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,91 теңгеге қымбаттап, 502,60 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум