Қор биржасында доллар бағамы нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге қымбаттап, 510,95 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 510,43 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 510,62 теңгеден сатып алынады, 512,68 теңгеден сатылады. Еуро 593,69 – 598,01 теңге, ал рубль 6,42 – 6,53 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,77 теңгеден сатып алынады, 76,70 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 510,00 теңгеден сатып алынады, 517,00 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 591,00 теңге, сату - 601,00 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,35 теңге, сату - 6,65 теңге.
– юань: сатып алу - 73,91 теңге, сату - 77,93 теңге.
Еске салайық, 14 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге қымбаттап, 510,43 теңге болды.