Қор биржасында доллар бағамы тағы өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл өсті.

Доллар қимматлашди: валюта айирбошлаш шохобчаларида  курс қандай
Фото: Александр Павский / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,63 теңгеге көтеріліп, 526,50 теңге болды. Ұлттық банктің 16 шілдедегі ресми бағамы - 525,87 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 526,57 теңгеден сатып алынады, 528,49 теңгеден сатылады. Еуро 610,64–615,04 теңге, ал рубль 6,62–6,73 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 523,67 теңгеден сатып алынады, 529,70 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу 608,59 теңге, сату - 615,62 теңге;

- рубль: сатып алу 6,60 теңге, сату - 6,75 теңге.

Еске салайық, 15 шілдеде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 525,87 теңгеге жетіп, 1,5 теңгеге көтерілді.

Соңғы жаңалықтар