Қор биржасында доллар бағамы төмендеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Қор биржасында доллар бағамы төмендеді
Фото: Pixabay.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,49 теңгеге арзандап, 542,29 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 542,66 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 541,48 теңгеден сатып алынады, 543,60 теңгеден сатылады. Еуро 627,93 — 633,68 теңге, ал рубль 6,66 — 6,77 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 538,68 теңгеден сатып алынады, 545,67 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 624,61 теңге, сату — 634,61 теңге;
— рубль: сатып алу 6,69 теңге, сату — 6,80 теңге.

Еске салайық, 11 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,85 теңгеге қымбаттап, 542,66 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар