Қор биржасында доллар нығая түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

курс валют. валюта, доллар, тенге
Коллаж: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,29 теңгеге қымбаттап, 497,33 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 494,66 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 495,30 теңгеден сатып алынады, 498,03 теңгеден сатылады. Еуро 585,19 — 590,02 теңге, ал рубль 6,34 — 6,45 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,00 теңгеден сатып алынады, 73,04 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 494,00 теңгеден сатып алынады, 501,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 581,00 теңге, сату — 591,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,35 теңге, сату — 6,65 теңге.
— юань: сатып алу — 71,54 теңге, сату — 75,81 теңге.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 4,89 теңгеге қымбаттап, 494,66 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум