Қор биржасында доллар тағы 3 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,79 теңгеге қымбаттап, 544,87 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 541,93 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 544,02 теңгеден сатып алынады, 547,14 теңгеден сатылады. Еуро 635,56 –642,74 теңге, ал рубль 6,74 — 6,86 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 540,74 теңгеден сатып алынады, 547,74 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 632,70, сату — 642,71 теңге;
— рубль: сатып алу 6,75 теңге, сату — 6,90 теңге.
Еске салайық, 24 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 541,93 теңге болды.