Қор биржасындағы астық бағасында өзгерістер болды

АЛМАТЫ. Ақпанның 16-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / - «Еуразиялық сауда жүйесі» (ЕСЖ) тауарлық биржасында өткен күндізгі сауда сессиясы барысында 3-4 сыныпты астық бағасында аздаған өзгерістер болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕСЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сессия барысында 3-4 сыныпты астық үшін құны 24 440 000 теңгелік 24 фьючерстік келісім жасалды. Оның 8-і наурыз, 8-і сәуір, 8-і мамыр айында орындалуы тиіс. Сауда барысында наурыз айында орындалуы тиіс фьючерсте 3 сыныпты астық бағасы дүйсенбі күнгі саудамен салыстырғанда 200 теңгеге немесе 1,27 пайызға төмендеп, сессияның жабылуы кезінде 15 500 теңгені құрады. Ал сәуір айында орындалуы тиіс фьючерс бағасы тоннасына 15 900 теңгені құрап алдыңғы саудамен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Мамыр айындағы фьючерс бағасы 100 теңгеге немесе 0,6 пайызға төмендеп, тоннасына 15 900 теңгені құрады. Ал 4 сыныпты астықтың наурыз айында орындалуы тиіс фьючерс бағасы кешегі саудамен салыстырғанда 20 теңгеге өсіп, тоннасына 12 500 теңгені құрады. Дәл осындай 20 теңгелік өсім мамыр айындағы фьючерс бағасында да бар. 0,2 пайызға өскен мамыр айындағы фьючерстің бағасы тоннасына 12 450 теңгені құрады. Ал сәуірдегі фьючерс 100 теңгеге өсіп, сессияның жабылуы кезінде тоннасына 12 380 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум